Факты истории

Ядролық технологиялар паркі үшінші рет сатылымға қойылды

Қазақстан Үкіметі «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамын үшінші рет сатуға қойды. 2018 жылдың қараша және желтоқсан айларындағы әрекеттер сәтті болмады, себебі саудаға бірде-бір қатысушы келмеді. Бастапқы баға 6,8 млрд теңгені, саудаға қатысу үшін кепілдік жарна 1,2 млрд теңгені құрады.

Жаңа сауда-саттық 8 қаңтарда өтеді. Үкімет бағаны 4 млрд теңгеге дейін, кепілдік жарнаны 614 млн теңгеге дейін төмендетуді шешті. Жалғыз қатысушыға сатуға жол беріледі.

Жекешелендіру шарттары мынадай: үш жыл ішінде ядролық және радиациялық технологиялар саласындағы Парк қызметінің бейінін сақтау, табыстылықтың экономикалық көрсеткіштері — жылына кемінде 131 млн.теңге.

Ядролық технологиялар паркінің объектілері Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында орналасқан.

Сулет: wikimapia.org

Ещё в ленте

Все новости