Факты истории

Владимир Путин үшінші дүниежүзілік соғысқа қатысты мәлімдеме жасады

Ресей президенті Владимир Путин үшінші дүниежүзілік соғысқа қатысты сұраққа жауап беріп, мәлімдеме жасады. Бұл туралы NUR.KZпорталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол «үшінші дүниежүзілік соғыс болады ма» деген журналистің сұрағына жауап беру кезінде танымал физик Альберт Эйнштейннің сөздерін келтірген.

«Эйнштейнді еске түсіруге болады. Ол «Мен үшінші дүниежүзілік соғыс кезінде қандай құралдар пайдаланылатынын білмеймін. Алайда төртінші дүниежүзілік соғыста тас пен таяқ пайдаланылады» деген екен.

Бұл үшінші дүниежүзілік соғыс бүгінгі өркениеттің құлдырауына әкеліп соқтыруы мүмкін екенін байқатады», — дейді Путин.

Ещё в ленте

Все новости