Факты истории

«Цеснабанктің» несиелік рейтингі тағы төмендеді

2 ақпанда «S&P Global Ratings» халықаралық агенттігі, банктің қамтамасыз етілмеген жоғарғы облигацияларын өтеу шарттарына өзгерістер енгізгенен кейін, «Цеснабанк» АҚ рейтингін SD-ге дейін төмендетті.

«Цеснабанк» қызметкерлері S&P Global Ratings агенттігінің өз Банкінің рейтингісін SD деңгейіне өзгерткеніне түсініктеме берді.

Олар мұндай рейтингтік іс-әрекет облигациялардың бір шығарылымы талаптарының өзгеруіне байланысты ғана жүргізілгенін мәлімдейді, ол банктің басқа міндеттемелерін орындауға жатпайды.

«S&P Global Ratings агенттігі осы мәселені, рейтингтік комитет өткізгенге дейін, егжей-тегжейлі талқылаудан бас тартты. Банк реттеуші және ҚР Қаржы министрлігі өкілдерінің қатысуымен конференц-қоңырау өткізуді ұсынды, олар TSBNb33 облигацияларын шығару шарттарының өзгеруіне байланысты қосымша түсініктеме беруге дайын болды. Банк S&P Global Ratings атына өзінің рейтингтік әрекеттерімен үзілді-кесілді келіспейтіндігін жолдап, осы Агенттікпен одан әрі ынтымақтастықтың орындылығы туралы мәселені қарастыратын болады»,-деп хабарлады Цеснабанк баспасөз қызметі.

Банк қызметкерлері өз міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауды жалғастыруда.

Сулет: abctv.kz

Ещё в ленте

Все новости