Факты истории

Токаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Телефон арқылы сөйлесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, оған денсаулық, бақ-береке, сондай-ақ жоғары мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Өз кезегінде, Ресей басшысы Қазақстан Президентіне алғыс айтып, достық пен тату көршіліктің берік негізінде құрылған Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының деңгейін жоғары бағалады.

Әңгіме барысында екі бауырлас мемлекет президенттері алдағы кездесулердің жоспарын, соның ішінде осы жылдың 6-7 қарашасында Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVI форумына дайындықты талқылады.

Сурет: Rbc.ru

Ещё в ленте

Все новости