Факты истории

Тоқаев: жыныстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту керек

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында ел халқына арнаған Жолдауында жыныстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту керектігін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз азаматтардың негізгі құқықтарын елемей, заңнаманы ізгілендіруге әуестендік. Жыныстық зорлық-зомбылық үшін жазаны жедел түрде күшейту керек», — деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы педофилия, есірткі заттарын сату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату керектігін айтты.

Ещё в ленте

Все новости