Факты истории

Қ. Тоқаев Түркия президентімен сөйлесті: тараптар қарым-қатынас динамикасын бағалады

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия республикасының басшысы Реджеп Эрдоғанмен телефон арқылы сөйлесті,оның барысында Қазақстан-Түрік қарым-қатынастарына қатысты мәселелер қаралды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Телефон арқылы сөйлесу басында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Реджеп Эрдоган бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Сөйлесу аясында Қазақстан мен Түркия Президенттері екі мемлекет арасындағы екіжақты өзара қатынастың оң динамикасын жоғары бағалады.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары Қазақстан-Түрік стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға қатысты мәселелерді қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Реджеп Эрдоган біздің республика мен Түркия арасындағы тұрақты сенімді саяси диалогты қолдаудың маңыздылығына назар аударып, келесі жылға арналған екіжақты ынтымақтастықтың нақты жоспарларын белгіледі.

Сурет: inform.kz

Ещё в ленте

Все новости