Факты истории

Тоқаев мәдениет және спорт министрлігі басшысымен кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесу өткізді,деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Ақтоты Райымқұлова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің ағымдағы қызметі туралы баяндалады.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті министрге заңды жетілдіру, құқықтық-нормативтік база бойынша бірқатар тапсырма берді.Сонмен қатар Тоқаев «Рухани жаңғыру», «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын іске асыруға көңіл бөлу керектігін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт саласы қызметкерлерінің әлеуметтік деңгейін көтеру керектігін және жергілікті атқарушы органдармен, бизнес-құрылымдармен өзара байланысты жақсарту керектігін айтты.

Сурет: akorda.kz

Ещё в ленте

Все новости