Факты истории

Тоқаев Кувейтте және Пәкістанда Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Кувейтте және Пәкістанда Қазақстанның жаңа елшілері тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен: Ембердиев Дәулет Тазабекұлы Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі; Рахметуллин Ақан Ақасұлы Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды», — деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Жаңа лауазымға ауысуына байланысты Алмас Абдраманов Қазақстан Республикасының Кувейттегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, ал Барлыбай Садықов Қазақстанның Пәкістандағы елшісі қызметінен босатылды.

Сурет: Kaztag.info

Ещё в ленте

Все новости