Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.Сөйлесу барысында Қазақстан-Армян ынтымақтастығының келешегі талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Телефон арқылы сөйлесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян жаңа жылдық мерекелерге байланысты құттықтаулармен алмасты.
Сондай-ақ, әңгіме барысында Қазақстан басшысы мен Армения премьер-министрі екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелерге назар аударды.
Сонымен қатар Тоқаев пен Пашинян Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді қатынасты кеңейтуге қатысты мәселелерді қарастырды.
Телефон арқылы сөйлесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения үкіметінің басшысына жұмыста табыс, ал армян халқына – өркендеу мен бақ-береке тіледі.
Сурет: inform.kz