Факты истории

Тіркелмеген телефондар өшірілмейді

Ұялы байланыс операторлары тіркелмеген ұялы аппараттарды пайдаланатын абоненттерді ажырату туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Tengrinews.kz. тілшісі

Kcell, Altel және Tele2-де олардың қызметтерінен ешкім ажыратылмағанын мәлімдеді.

Бұрын интернетте тіркелмеген ұялы телефондарды пайдаланушылар қызметтерден ажыратылатыны туралы ІІМ-ге сілтеме жасалған ақпарат таратылған болатын. 1 қаңтардан бастап ұялы телефондар IMEI-кодты, SIM-картаны және абоненттің ЖСН көрсету арқылы тіркелуі тиіс деген ереже қолданылады. Кейінірек Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде жаппай өшіру жоспарланбағаны айтылды. SIM-карталарды құрылғыларға автоматты түрде байланыстыру жүзеге асырылды. Әркім өз қалауымен ЖСН-ін операторларға хабарлай алады. Егер 1 қаңтарға дейін пайдаланушы ұялы телефонын тіркемесе, телефон нөмірінің тіркеу деректерінде кімнің ЖСН-ы жазылған болса,сол азаматқа автоматты түрде тіркеледі.

Енді ҚР ІІМ өкілдерінің айтуынша, жаңа заң ұрланған телефонды қолданушыны анықтауға және оны оқшаулауға мүмкіндік беретіндігіне сендіруде.

Сурет: tengrinews.kz

Ещё в ленте

Все новости