Факты истории

Тәжікстанда президент сайлауы өтті

Тәжікстанның сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Бахтиер Худоерзода бүгін 11 қазанда өткен президенттік сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады, деп «ҚазАқпарат»ХАА хабарлайды.

Баспасөз конференциясына халықаралық және жергілікті байқаушылар, сондай-ақ журналистер қатысты.

Бахтиер Худорзодтың айтуынша, Тәжікстан тәуелсіз кәсіподақтар Федерациясы, Тәжікстан Жастар Одағы және Тәжікстан Халықтық Демократиялық партиясы атынан Тәжікстан Республикасының Президенті лауазымына кандидат Эмомали Рахмон 90,92% дауыс жинап, Тәжікстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Тәжікстанда 68 сайлау округі мен 3375 сайлау учаскесі, ал шетелде 39 сайлау учаскесі құрылды. Сайлаушылар саны 4 943 289 адамды құрады, ал бірінші рет дауыс бергендер саны — 105 399 адам.

«Дауыстарды есептеудің алдын ала нәтижелері бойынша Тәжікстан Республикасының Президентін сайлауға 2020 жылғы 11 қазанда 4 миллион 221 мың 076 сайлаушы немесе 85,39% қатысты», — деп ЦКВР төрағасы Бахтиер Худоерзода толықтырды.

Тәжікстанның Аграрлық партиясынан кандидат Рустам Латифзодқа 127 мың 746 сайлаушы немесе 3,03%, Тәжікстанның экономикалық реформалар партиясынан кандидат Рустам Рахматзодтың пайдасына — 90 мың 587 сайлаушы немесе 2,15%, Тәжікстан Компартиясынан кандидат Миродж Абдуллоевты қолдауға — 49 мың 212 сайлаушы немесе 1,17%, Тәжікстан Социалистік партиясынан кандидат Абдухалим Гаффоровты қолдауға — 62 мың 835 сайлаушы дауыс берді.1,49%, Тәжікстан тәуелсіз кәсіподақтар Федерациясының, Тәжікстан Жастар Одағының және Тәжікстан халықтық демократиялық партиясының үміткері Эмомали Рахмонға 3 миллион 837 мың 927 сайлаушы немесе 90,92% дауыс берді.

Сурет: inform.kz

Ещё в ленте

Все новости