Факты истории

Шымкенттің Даму Қоры Арыс тұрғындарына көмек жинауды ұйымдастырды

«Шымкент қаласының Даму Қоры» қоғамдық бірлестігі Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Арыс қаласында қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент тұрғындары мен кәсіпкерлері Арыс тұрғындарына қолдау көрсетуде.

Мұқтаждығы артып келе жатқан қала тұрғындарына көмек көрсету үшін «Шымкент қаласының Даму Қоры» қоғамдық бірлестігінің дербес шоты ашылды.

Барлық тілек білдірушілер зардап шеккендерге көмектесе алады. Жиналған қаражат Арыс тұрғындарына жинақталып, үлестіріледі.

Бүкіл Қазақстан бойынша «Арыс, біз біргеміз» қолдау акциясы басталды.

Ещё в ленте

Все новости