Факты истории

Шымкент ТМД мәдени астанасы жылын өткізуге дайындалуда

Шымкент қаласының әкімдігінде өткен мәжілісте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы жылына орай іс-шараларды өткізуге дайындық мәселелері қаралды. Бұл туралы ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі Мұрат Айтеновтің төрағалығымен өткен жиналыс барысында, Шымкентте іс-шараларды өткізуге дайындық басталғаны мәлімделді.

Сонымен бірге, кездесуге қатысушылар іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуі үшін алты бағыттан тұратын арнайы жоспар жасалып, бекітілгенін атап өтті.

Дайындық жоспарында құрылыс-көлік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру, сондай-ақ туристер үшін медпункт жұмысының сапасын арттыруды көздейді.

Сонымен қатар, жоспар қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді, сондай-ақ мәдени-ойын-сауық және әлеуметтік іс-шараларды өткізуді карастырады.

Өз кезегінде Шымкент қаласының әкімі Достастықтың мәдени астанасы жылы аясында өтетін іс-шаралар тиісті деңгейде өтуі тиіс деп мәлімдеді. Осыған байланысты ол уәкілетті органдарға тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Ещё в ленте

Все новости