Факты истории

Үш облыс дауыл туралы ескертілді

Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында ертең, дүйсенбі, 14 қаңтарда ауа райы құбылмалы болатындығы туралы Қазгидрометтен хабарлама түсті

Ақмола облысында бұрқасындатып, жел негізінен оңтүстіктен соғады, оның қуаты 20 м/с жетеді, елордада– 18 м/с дейін оңтүстік желі, сондай-ақ. Гидромет мамандары дауылдың ықтималдығын 85-90% бағалады.

Қостанай облысында, метеорологиялық қызметтің мәліметтері бойынша, оңтүстік-батыстан 20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Дауыл 90-95% ықтималдықпен жарияланды.

БҚО-да тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с күшпен, кей жерлерде 20 м/с дейін, Оралда 18 м / с дейін күшейеді. Синоптиктер мәлімдеген дауылдың ықтималдығы 95-98%.

Сурет: tengrinews.kz

Ещё в ленте

Все новости