Факты истории

Сенаторлар Белградта Парламентаралық Одақтың Ассамблеясына қатысты

Оған Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасы басшысының орынбасары Асқар Шәкіров пен сенатор Ерік Сұлтанов қатысты,деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Өткен Ассамблея аясында Сенат төрағасының орынбасары Парламентаралық Одақтың басшыларымен, сондай-ақ ұйымның қызметіне қатысты мәселелер бойынша елдер өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Сенаттың ақпараты бойынша, Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының вице-спикері Парламентаралық одақта маңызды рөл атқаратын «Еуразия» геосаяси тобының отырысына қатысты.

Бүгінгі таңда «Еуразия» тобының құрамына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді.

Сурет: senate.parlam.kz

Ещё в ленте

Все новости