Факты истории

Сағынтаев Алматы тұрғындарымен онлайн-форматта (Бейне) есеп беру кездесуін өткізеді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халықпен есептік кездесуі басталды. Іс-шараның тікелей көрсетілімін оңтүстік астана әкімдігінің ресми YouTube-арнасы мен Facebook-і жүргізуде.

Әкімнің алматылықтармен есептік кездесуі онлайн форматта өтуде.

Оңтүстік астананың басшысы Алматының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жетістіктері және 2021 жылға арналған даму жоспарлары туралы әңгімелейді, сондай-ақ алматылықтардың сұрақтарына жауап береді.

Әкімге сұрақ қойғысы келетіндер Бірыңғай желінің 1308 нөміріне қоңырау шалып немесе WhatsАpp нөміріне 8 777 046 33 33 нөміріне жібере алады. Сұрақтар мен ұсыныстарды ресми аккаунттардағы кездесу трансляциясының астындағы түсініктемелерде қалдыруға болады.

Сурет: yotube.com

Ещё в ленте

Все новости