Факты истории

Ресей Қазақстанға жауынгерлік тікұшақтар жеткізді

Қазақстанның Әскери-әуе әскерлерінің авиапаркі жаңа әскери тікұшақпен толықты. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еліміздің батысында орналасқан Қазақстан ӘӘК авиациялық базасына қайта жарақтандыру аясында Ми-35М көпфункционалды төрт тікұшақ түсті.

Мамандардың айтуынша, бұл тікұшақтардың ұшу және техникалық сипаттамалары жоғары және кез келген ауа-райы жағдайында ауаға көтеріле алады. Сондай-ақ тікұшақтар жеке құрамды, науқастарды және жараланғандарды медиктің сүйемелдеуімен және әртүрлі жүктерді тасымалдай алады.

Ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрам тікұшақтардың осы түріне қайта оқытудан өтті.

Тікұшақтарды жеткізу Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери және техникалық ынтымақтастық және Қорғаныс министрлігі мен «Рособоронэкспорт» кәсіпорны арасындағы шарт шеңберінде жүзеге асырылды.

Сурет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости