Факты истории

Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып Қырымбек Көшербаев тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын», — делінген Жарлық мәтінінде.

Осы лауазымға кіріскенге дейін Көшербаев Қызылорда облысының әкімі болды.

Сондай-ақ, Президент Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.

Ещё в ленте

Все новости