Факты истории

Премьер-министр Түркістан мен Шымкентте құрылыс нысандарын аралады

Қазақстан министрлер кабинетінің басшысы Асқар Мамин Шымкент пен Түркістан қалаларында болып,осы қалалардың көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылысын тексерді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Түркістанды аралау барысында Асқар Маминге биылғы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілетін жаңа әуежай құрылысы туралы баяндалды. Бұл әуе айлағының жылына 3 миллион адамға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, премьер Түркістанға сапары аясында 7 мың орындық стадион, конгресс-холл, оқушылар сарайы, бассейні бар спорт кешені және тағы да бірқатар нысандардың салыну баоысымен танысты.

Сонымен қатар, Түркістанда Маминге «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығын абаттандыру жоспары ұсынылды, Sembol construction түрік компаниясының «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенін салу туралы айтты.

Үкімет басшысы Шымкентте әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысының жүзеге асырылу барысын тексерді, оның сағатына 2 мың жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары 2020 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады.

Сурет: Inform.kz

Ещё в ленте

Все новости