Факты истории

Премьер-министр Орал трансформатор зауытында болды

Қазақстан үкіметі басшысы Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Орал трансформатор зауытында болды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орал трансформатор зауыты индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған болатын.

Зауыттың басқарушы директоры Ақжол Сауранбаев Асқар Маминге бүгінгі күні кәсіпорында 300-ден астам қызметкер жұмыс істейтінін айтты. Сондай-ақ, премьер-министрге биылғы жылы 9 мың трансформатор шығару жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Алдағы 2 жылда жаңа өнім түрлерін игеру арқылы өндірісті кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл трансформатор қажеттілігі үшін жинақтаушылар мен материалдар өндірісі. Бұл панельді радиаторлар, оқшаулау қағаздары және басқалары», — деді Сауранбаев.

Кәсіпорын директорының айтуынша, зауыттың басты ерекшелігі — шығарылатын өнімнің аталған түрі ЕАЭО-ға қатысушы елдерде өндірілмейді.

Сурет: inform.kz

Ещё в ленте

Все новости