Факты истории

Премьер-министр кәсіпкерлікті дамыту жоспарлары туралы айтты

Қазақстан Үкіметі басшысы Асқар Мамин «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алтыншы съезінде сөз сөйледі. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Съезге қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде премьер-министр үкімет пен ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, республика халқының әл-ауқатын арттыру мен экономиканың өсуін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерін орындаумен тығыз өзара іс-қимыл жасайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, Асқар Мамин бүгінгі таңда Қазақстан азаматтарының 30%-дан астамы шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтінін айтты. Осыған орай, Мамин ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен үкімет алдында жоғарыда аталған көрсеткішті 2025 жылы 35%-ға дейін және 2050 жылы 50%-ға дейін көтеру міндеті тұрғанын атап өтті.

Кәсіпкерлікті дамыту туралы айта келіп, премьер-министр басты міндеттердің бірі қосымша құны жоғары шикізаттық емес тауарлардың экспортын арттыру болып табылатынын айтты.Осы міндетті орындау үшін келесі үш жылға 7 миллиард теңге бөлініп,экспортты әртараптандыру үшін тауар топтары анықталды.

«Үкімет Қазақстанда бизнесті жүргізу қолайлы болуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Біз бизнес-ортаны одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырамыз», — деді Мамин.

Ещё в ленте

Все новости