Факты истории

Орталық Азия елдерінің ғалымдары Ташкентте өтетін халықаралық конференцияға жиналады

Өзбекстан астанасында Орталық-Еуразиялық зерттеулер қоғамының Халықаралық конференциясы өтеді,онда Орталық Азия аймағы елдерінің, соның ішінде Қазақстанның, ғалымдары жиналады.

Сондай-ақ, халықаралық іс-шараға АҚШ, Еуропалық одақ, Ресей, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан және Пәкістан бизнес-талдаушылары қатысады. Жалпы алғанда 300-ден астам сарапшы қатысады деп жоспарлануда.

Ташкенттегі әлемдік экономика және дипломатия университетінде өтетін конференцияның ұйымдастырушылары, іс-шара аясында Орталық Азияға қатысты мәселелер, соның ішінде сауда мен инвестициялар және өзара іс-қимыл мен интеграциялық дамуды кеңейту мәселелері талқыланатынын хабарлады.

Сонымен қатар, Өзбекстанның жетекші технологиялық дамыған мемлекеттермен сауда-инвестициялық байланыстарын нығайту мәселелері қаралатын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференция аясында бірнеше тақырыптық сессиялар, Орталық Азия аймағы шеберлерінің бірегей бұйымдарының көрмесі мен мәдени бағдарламалар өткізу жоспарланып отыр.

Сурет: ria.ru

Ещё в ленте

Все новости