Факты истории

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Зеландияда қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Зеландияның генерал-губернаторы Пэтси Реддиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Today.kz.

«Біз жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қарсы бағытталған терроризм мен экстремизмнің кез келген көріністерін үзілді-кесілді айыптаймыз. Қазақстан тарапы бейбітшілік игілігі үшін қазіргі уақыттағы қауіп-қатерлерге қарсы күресте еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ынтымақтастықты жалғастыруға әрдайым дайын», — делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы өз атынан және халық атынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, атыс Крайстчерч қаласындағы мешіттерде орын алған. 40-қа жуық адам зардап шекті.

Сурет: express-k.kz

Ещё в ленте

Все новости