Факты истории

Миллиондаған қазақстандық балалар жазғы лагерьлерде демалады

Балалардың жазғы демалысы екі бағытта ұйымдастырылады: жұмыспен қамту және сауықтыру. Сауықтырумен 2 миллион 956 мың бала қамтылады, пайыздық қатынаста бұл 95,4%.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 2 миллион 594 мың бала, пайыздық қатынаста – 92,2%.

Биылғы жылы 10 лагерь ашылды, оның ішінде 6 жеке меншік және 4 мемлекеттік. Балаларды лагерьлерде демалумен ең көп қамту Қарағанды облысында – 95%, Жамбыл облысында – 90%, Алматы облысында – 89% жоспарлануда.

Бос уақыт пен жұмыспен 2 миллион 762 мың бала қамтылады, пайыздық қатынаста – 94%. Оған секциялар, үйірмелер, экскурсиялар, клубтар кіреді.

160 963 баланы қамтитын 1 424 аула клубы, сондай-ақ 11 000 олимпиадалық резерв мектебі, дебаттық клубтар мен тіл мектептері, 19 мыңнан астам үйірме іске қосылады, жалпы алғанда 22 мыңнан астам іс-шаралар жоспарланған.

Туризм және спортпен 745 мың оқушы қамтылады-25%. Өткен жылы – 613 мың бала-22%.

Сурет: bnews.kz

Ещё в ленте

Все новости