Факты истории

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жаңа төраға тағайындалды

Әнуар Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды, деп zakon.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды, — делінген Ақорда сайтында.

Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы 1967 жылы туған. Алматы зооветеринарлық институтын (1984-1991); Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (2000) бітірген.

Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкері, офицер аға, бөлімше бастығы, бөлім бастығы, 2-басқарманың бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің 1-департаменті бастығының орынбасары (10.1992-2006);

1-департаменттің бастығы — Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары (03.2006-01.2012));

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары — Президенттің қауіпсіздік қызметінің бастығы (01.2012-01.2013));

ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметінің бастығы (01.2013-03.2013));

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы (03.2013-04.2014);

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы (21.04.2014-07.2014);

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары — «Арыстан» қызметінің бастығы (07.2014-06.2019);

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы (06.2019 бастап).

Сурет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости