Факты истории

Әлеуметтік сауалнама қазақстандықтардың қашықтықтан оқытуға көзқарасын көрсетті

Demoscope қоғамдық пікірді жедел мониторингілеу бюросы біздің республикада «Қазақстандағы қашықтықтан білім беру» тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Бұл туралы ratel.kz ақпарат агенттігі жазады.

Сауалнама 6-9 қазан аралығында стационарлық нөмірлерге телефон соғу арқылы жүргізілді. Барлығы 14 өңірден және Республикалық маңызы бар қалалардан — Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттен 1100 адамнан сауалнама алынды.

Сауалнамаға қатысқан азаматтардың жалпы санының 43%-ы қашықтықтан оқыту форматына мүлдем қарсы екенін көрсетті. Респонденттердің 38%-ы онлайн оқытуға түсіністікпен қарайды, бірақ біздің басшылық жаңа оқу жылына жақсы дайындалуы керек деп санайды. Қазақстандықтардың тек 16%-ы ғана қашықтықтан оқытуды қолдады.

Сонымен қатар, әлеуметтік сауалнама респонденттердің басым көпшілігі, атап айтқанда 42%, қашықтықтан оқытудың тиімділігін орташа деңгейден төменге бағалағанын көрсетті. Бұл форматқа сауалнамаға қатысқан азаматтардың жалпы санының 12%-ы ғана жоғары баға берді.

Бұған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдар дәстүрлі оқыту форматына кезең-кезеңімен көшу мәселесін пысықтап жатқанын айтқан болатын.

Сурет: gazeta.ru

Ещё в ленте

Все новости