Қазақстандық журналистер үшін “Аманат” сайлауды мониторингі азаматтық платформасынан тренинг өткізілді, деп хабарлайды 24.kz ақпараттық агенттік.
Заңгерлер БАҚ қызметкерлері мен блогерлерді Қазақстан Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі тәртіп ережелері және міндеттерімен таныстырды.
Газет және телевидение қызметкерлері сайлау науқаны кезінде кандидаттарға эфир уақытын беру тәртібі туралы, бұзушылықтарды анықтаған кезде заңгерлік кеңес беріп, пайдалы таратылымдармен қамтамасыз етті.
Құқық қорғаушы Маржан Аспандиярова: “Журналист редакциядан тапсырма алғанда, өзінің барлық растайтын құжаттары болған жағдайда сайлау процесінің барлық сатыларына қатысуға құқылы. Дауыс беру күнін қоса алғанда, сайлау өткізуге дайындықты, әрине, дайындық барысын да. Егер журналист қайсар болса, ол ақпарат алғысы келсе, заң оған осы құқықты беріп отыр”.