Қазақстан БАҚ өкілдері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған журналистерді аккредиттеу ережелері жобасының кейбір тармақтары олардың кәсіби қызметіне кедергі келтіруі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистердің айтуынша, бұл жобаны әзірлеу кезінде олардың пікірі ескерілмеген. Жоба әлі түпкілікті емес екендігі атап өтілді. Министрлік іс-шаралар модераторының талаптарын және олардың тақырыптарын сақтау туралы нормаларды енгізуді ұсынады. Түзету ескерту түрінде берілген.
“Ескертпе: журналист аккредиттелген жағдайда, бұқаралық ақпарат құралы редакциясының бас редакторы және (немесе) уәкілетті өкілі аккредиттелген журналистің қоғамдық тәртіпті, іс-шараның тақырыбын (мазмұнын), сондай-ақ іс-шара модераторының талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді”, – жобада көрсетіледі.
Сонымен қатар, журналистер жұртшылыққа ұсынылған egov.kz сайтында жобаға белсенді түсініктеме беруде. БАҚ өкілдері мұндай түзетулер олардың жұмысын шектеуге бағытталғанына сенімді.
“Модератордың талаптарын сақтау дегенді өте кең түсінуге болады және журналистердің құқығын шектеуі мүмкін, өйткені модератор кім болатыны, қандай талаптар қойылатыны және қалай қолданылатыны белгісіз. Мен бұл норманы ережеден алып тастауды ұсынамын”,-деді Құқықтық медиа орталығының директоры Диана Медведникова.
Сурет: tengrinews.kz