Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

ЖСДП-ның бойкоты: енді парламенттік оппозицияның рөлі қай партияға бұйырады?

5 года назад
Бойкот ОСДП: кому теперь достанется роль парламентской оппозиции?

Қараша айының соңында жалпыұлттық социал-демократиялық партия күтпеген жерден 2021 жылғы 10 қаңтарға жоспарланған Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады. ЖСДП бас тартқандықтан, енді қай партия жаңа оппозиция болады, деген сұрақ туындайды.

Қазір бұл рөлге Халықтық партия мен «Ақ жол» демократиялық партиясы үміткер болып отыр, оның үстіне жақында ғана «парламенттік оппозиция» туралы заң қабылданып, оның мәртебесі бекітіліп, құқықтары кеңейтілді. Естеріңізге сала кетейін, осы Заңға сәйкес, Парламентке өткен оппозиция өз адамын жұмыс тобына жетекшілік етуге ұсына алады, сондай-ақ өз тақырыбында парламенттік тыңдаулар ұйымдастыра алады. «Ақ жол» мен ҚХП-на келетін болсақ, олардың қайсысына «парламенттік оппозиция» рөлі берілетіні әлі белгісіз, бірақ іс жүзінде бұл партиялардың ешқайсысы нақты оппозиция емес.

ЖСДП не себепті насайлауға қатысудан бас тартты? Менің ойымша, мұндай шешім биліктің наразылық дауыс беру мен радикалды депутаттардың пайда болуына қауіптенуіне байланысты қабылданды. Бұл жерде мәселе ЖСДП қатарын толықтыра алатын, қашқын банкир Мұхтар Әбілязовтың жақтастарында ғана емес, азаматтық белсенділердің тым «улы тілдерінен» болуы мүмкін.

«Парламенттік оппозиция» жаңа Мәжілісте абсолютті азшылықта болады және азаматтардың наразылығын білдіруде басшы рөлін орындай алмайды. Бірақ, қазір бұл рөл кімге бұйыратын айту ерте. Үгіт-насихат аясында, Үкіметтің кейбір мүшелеріне де қатысты ұрандар мен сын-ескертпелер болуы мүмкін, бірақ 10 қаңтардан соң оның бәрі ұмытылады.

Қарсыласу және өз пікірін білдірудің барлық заңды құқықтық нысандарының жойылуы халық пен билік арасындағы буфердің жойылуына әкеледі. Бұл өз кезегінде наразылық көңіл-күйінің көтерілуіне әкелуі мүмкін. Ал ол бізге керек пе?

Қазіргі жағдай қарапайым және болжамдылығына қарамастан, Ақордаға үлкен қауіп төндіреді, өйткені 10 қаңтардан кейін парламенттік сайлауды заңдастыруда үлкен проблемалар туындауы мүмкін. Жалғыз оппозициялық ЖСДП мұндай заңдылықты бере алар еді, бірақ Әміржан Қосановтың бұрынғы жақтастарының наразылығы қайталануынан қорқып, жолдан шығарылды. Енді оппозиция мен тәуелсіз кәсіподақтар болмағандықтан, кез-келген жаппай митингілер мен ереуілдер басқарылмайды және бақыланбайды. Жоғарғы билік саяси өмір консервациясы аясында бұл қауіптерді жеңе ала ма, жоқ па — үлкен мәселе.

Жанболат Шолпанов, саясаттанушы, арнайы «Эхо Казахстана» үшін

Сурет: times.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қазақстан желтоқсан айында "Спутник V" вакцинасын шығара бастайды

Келесі

Ресей Премьер-Министрі: ЕАЭО өз дамуының жаңа деңгейіне шығуы тиіс

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.