“Жер реформасына” қарсы митингтерге белсенді қатысқан Қазақстандағы танымал белсенді Макс Боқаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Fergana.agency ақпарат ресурсы.
Біздің республикамызда “жер” митингілері толқыны 2016 жылы өтті. Наразылық білдірушілер шетелдіктер мен шетелдік фирмалар Қазақстанда жерді 25 жылға жалға ғана ала алатын заңнамаға өзгеріс енгізбеуді талап етті.
Осындай наразылық акцияларының бірі Атырауда өтті. Осы оқиға Макс Боқаевты қудалауға себеп болды. Кейін ол әлеуметтік алауыздықты қоздырғаны, жалған ақпарат таратқаны және митингілер өткізу тәртібін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл әрекеттері үшін ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Колониядан шыққаннан кейін, белсенді өз жақтастарымен кездесіп, олармен бірге Махамбет пен Исатай алаңына барды. Онда Боқаев өз қызметін жалғастыруға ниетті екенін айтты.
“Мен, билік менен талап еткендей “дұрыс жолға түспеймін ” деп ресми түрде айтқым келеді. Биыл Қазақстан жерін сатуға мораторий мерзімі аяқталады. Сондықтан мен осы нормамен түбегейлі келіспеуімнің белгісі ретінде осы жылдың наурыз айында митингке шығамын”, – деп атап өтті Боқаев.
Сурет: fergana.agency