Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері сот орындаушыларымен бірге арнайы операция өткізіп, қырық бір ойын автоматын анықтап, жойылды.
Ведомствоның мәліметінше, арнайы операция Алматы қаласында өтті. Ойын автоматтары қаланың астыртын ойын орындарынан табылды.
“Ойын бизнесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес казино мен ойын автоматтары залдары арнайы бөлінген ойын аймақтарында орналастырылады, Қазақстан аумағындағы басқа жерлерде казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға тыйым салынады. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307 – бабында көзделген”, – деп хабарлады ведомстводан.