Бүгін, 19 ақпанда, жас жігіт жолжүгіне салып тапанша алып өтпек болған. Алматы халықаралық әуежайының ережелері бойынша атыс қаруын алып жүруге тыйым салынады.
“Халықаралық әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшесінің қызметкерлері ұшақ бортында тыйым салынған затты алып өту әрекетін тіркеген. Астанаға ұшып бара жатқан 19 жасар жолаушының жолжүгінен “Макаров” жауынгерлік тапаншасы негізінде жасалған, калибрі 4,5 миллиметр “ИЖ-79″ пневматикалық тапаншасы табылды”,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жолаушыдан қару тәркіленді, ал оның өзін әуежай қызметкерлері жергілікті полицияға тапсырды.
Сурет: sputniknews. kz