“Жас Ұлан” әскери мектептерінде қабылдау комиссиясы жұмыс істей бастады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдау комиссиялары Нұр-сұлтан, Алматы,Қарағанды және Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Әскери мекемеге оқуға түсуге жалпы білім беретін мектептің 9 сыныптарын бітірген жігіттер құқылы.
Қорғаныс ведомствосының ақпараты бойынша, қабылдау комиссиялары биылғы жылдың 21 тамызына дейін жұмыс істейтін болады. Оқуға қабылдау әскери мекеме бастығының бұйрығымен бекітілетін болады.
Бүгін “Жас ұлан” республикалық мектебінің түлектері Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия және Германияның жоғары әскери оқу орындарында білім алуда.