Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкіміне пара алғаны үшін 10 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Шалбаев Жаңатұрмыс ауылдық округінде жер телімін беру туралы оң шешім үшін 200 мың теңге алды”, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның ақпараты бойынша, Байзақ аудандық соты шенеунікті кінәлі деп танып, оған 10 миллион теңге көлемінде айыппұл салуға үкім шығарды.
Сондай-ақ сот айыппұл төлеу мерзімін белгіледі, төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Сонымен қатар, шенеунік мемлекеттік қызмет атқару және құқық қорғау органдарында еңбек ету құқығынан айырылды.