Жамбыл облысы Қордай ауданында таңғы сағат 5-те 40 адам зардап шекті, деп хабарлайды kapital.kz тілшісі.
Жамбыл облысында Алматы-Ташкент автожолының 181 шақырымында “Тойота Камри” маркалы автокөлігінің жол бойында тұрған жүк автокөлігімен соқтығысуы орын алды. Трасса бойымен келе жатқан жолаушылар автобусы жоғарыда көрсетілген автокөліктермен соқтығыспау амалын іздестіру үстінде аударылып қалды. 8 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы 32-сі жақын жердегі медициналық мекемеге жеткізіліп, оның үшеуі алған жарақатынан қайтыс болды.
“Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Орынбеков, облыс прокуроры Құсайынов, облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің және қорғаныс істері басқармасының бастықтары шықты. Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару қызметтерінің, апаттар медицинасы мен полицияның 50-ге жуық адамы мен 15 техникасы, сондай-ақ ІІМ ТЖК “Қазавиақұтқару” тікұшақ техникасы жұмылдырылды. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы М.Жұманқұлов үш тәжірибелі хирургпен келді “, – делінген ресми хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сурет: carboys.ru