Жамбыл облысының прокуроры болып Жарқын Құсайынов тағайындалды. Бұған дейін ол облыстық прокурордың орынбасары болған,деп хабарлайды Zakon.kz
Ол зейнетке шығуына байланысты қызметінен кеткен Ибрагим Имановты ауыстырды.
Құсайынов жарқын Қуанышұлы 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
ҚазГЗУ -ды “Құқықтану” мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылы Бас прокуратураның Іс басқармасы кеңсесінің инспекторы болды. Алматы гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, бөлімнің әскери прокуроры, Бас әскери прокуратура басқармасының әскери аға прокуроры, Алматы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры, басқарма бастығының орынбасары, Алматы қаласының Медеу, Әуезов аудандарының заңгері, Бас прокуратура департаментінің бөлім бастығы, Алматы прокуратурасы басқармасының бастығы, Медеу ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.
Сурет: Atpress