Қорғаныс ведомствосының өкілдері біздің мемлекет аумағында “Алдаспан-2020” ауқымды оқу-жаттығулары басталғанын, оның басты мақсаты – заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес мәселелерін пысықтау екенін айтты.
Оқу-жаттығу Жамбыл облысындағы “Мәтібұлақ” полигонында өтуде. Оған десанттық-шабуыл әскерлері мен әскери-әуе күштерінің әскери қызметшілері жұмылдырылды.
Алдын ала жоспарланған сценарийге сәйкес, әскери қызметкерлерге барлау жүргізу, жаудың орналасқан жерін анықтау, оны жою, содан кейін дағдарыс аймағында тұрақтылық орнату қажет болады.
Қорғаныс министрлігі жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулардың ерекшелігі қарулы қақтығыстарды реттеудің заманауи тәжірибесі бойынша өткізілуінде – штабтар күн сайын өзгеріп отыратын жағдайға байланысты міндеттерді нақтылай отыра, жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлайды.
Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу іс-шаралары барысында танк бөлімшелері мен әскери авиация күштерін қолданудың жаңа түрлері мен әдістерін тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу жоспарланғанын қосты.
Сурет: gov.kz