Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлері орталық облыстық аурухананың бас дәрігері пара алды деп күдіктеніп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствода айтқандай, бас дәрігер 800 мың теңге пара алды деп күдіктенуде. Сонымен қатар,ведомство қызметкерлері күдіктінің Мемлекеттік сатып алу шарттарына заңсыз қол қойғаны үшін жеке компания өкілінен пара алғаны туралы айтты.
Бүгінгі күні Жамбыл облысы орталық облыстық ауруханасының бас дәрігеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Соңғы үкімді сот шығарады.