Жамбыл облысының әкімдігі Түркістан облысындағы бірнеше ауылдың су басуы салдарынан зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінде атап өткендей, азық-түлік және бірінші қажеттілік заттары бар жүк көліктері Түркістан облысына жөнелтілген.
“Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 30 тонна азық-түлік өнімі жиналды: 10 тонна ұн мен күріш, 5 тонна қант, 2 тонна макарон мен өсімдік майы және 1 тонна қарақұмық. Бұдан басқа, гуманитарлық жүкке 10 мыңға жуық жаңа тауарлар кірді: аяқ киім, футболкалар, жейделер, джинсы, балалар киімі, төсек – орын жабдықтары және қиын жағдайға тап болған отандастарымызға арналған басқа да заттар”, – деп Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров хабарлады.
Ағымдағы жылдың 2 мамырында Мақтаарал ауданының шекарасында коллектордан төгілді, нәтижесінде Түркістан облысының бірқатар елді мекендері су астында қалды.