Жаңа жылды тойлауға қалалық бюджеттен миллион теңге жұмсалмақ.
Мысалы, Алматыда Астана алаңындағы бір шыршаның орнына қаланың әр түрлі алаңдарында тағы алты шырша орнатылды. Алматы қалалық мәдениет және мұрағаттар басқармасының хабарлауынша, жаңа жылдық әшекейлерге 175 миллион теңге жұмсалды.
Шымкентте өткен жылғы шығын 49 миллион теңге болса, биыл 70 миллион теңге жұмсалды. Шығындардың көтерілу себебі Шымкент Арбатын безендіріп, онда шырша орнату. Сонымен қатар қала көшелерінде 12 періштелер мен 300 қаршалар орнатылды.
Петропавлдық билік жалпы Жаңа жылдық безендіруге шығын кетірмек. Аймақ әкімі Құмар Ақсақалов: «облыс бюджеті өте аз, 9 миллиард теңге ғана, жаңа жылға қаланы безендіру сияқты шараларға ақша жетіспейді және артық шығын жұмсауға мүмкіндік жоқ»-деді.
Солтүстік Қазақстан облысының билігі екі жыл қатарынан жаңа жылдық шараларға үнемдеуде.
Сулет: оtyrar.kz