Жаңаөзен қаласында жүзден астам адам қатысқан наразылық акциясы өтті. Қала тұрғындары Маңғыстау облысының аумағында Қытай кәсіпорындарының құрылысы болмауын талап етті.
Сондай-ақ, наразылық акциясына қатысушылар атқарушы билікпен кездесуді талап етті. Белсенділер Маңғыстау облысы аумағында Қытай зауыттарын салу туралы сұрақтарына жауап алуға ниетті.
Белсенділер зауыт құрылыс аяқталғаннан кейін Қазақстанға жаңа жұмыс орнына Қытай азаматтары қаптайды деп қорқатынын мәлімдеді.
Өз кезегінде, Жаңаөзен басшысы Әділбек Дауылбаев белсенділерге қалалық әкімдікте кездесу өткізуді ұсынды,бірақ акцияға қатысушылар әкімнің ұсынысынан,диалогты бірге жүргіземіз деп, бас тартты
“Таңертең, 3 қыркүйекте Жаңаөзен қаласының белсенділерімен кездесуге облыс әкімі Серікбай Трұмов шығады. Кездесу барысында мәселе шешіліп, азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беріледі”, – деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігінде.
Сурет: kaztag.info