3-ші сәуірде Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуінен кейін, тағайындалған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына барады.
Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков атап өткендей, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретіндегі алғашқы шетелдік сапары болады.
“Біз жаңа президентті бірден шақырдық”, – деді Ушаков.
Юрий Ушаковтың айтуынша, қазіргі уақытта сапар егжей-тегжейлі пысықталуда.
Сурет: Радио Азаттык