Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі 25 қаңтардан бастап қазақстандықтар өздерінің зейнетақы аударымдарын sms хабарлама арқылы тексере алады деп хабарлады.
“Зейнетақы қоры салымшысының зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру” мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасыз қолжетімді болады.
Бүгін өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы келесі тәсілдермен білуге болады:
– тікелей ЖЗҚ офисіне жеке өтініш білдіргенде;
– дәстүрлі пошта арқылы;
– электрондық тәсілмен: 1) БЖЗҚ-да ұсынылған мекенжайға электрондық пошта арқылы; 2) электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе логин мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет арқылы; 3) электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.
Соңғы әдісті пайдалану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болды. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы жеке зейнетақы шотының көшірмесін, оның ішінде сұрау жібергеннен кейін, азаматтардың mGov мобильдік базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефон нөміріне келетін бір реттік sms-паролін қолдана отырып ала алады.
Сурет: news.mail.ru