Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Зейнеткерлер зейнетақысын аз, бірақ ұзағырақ алатын болады: өмірлері «жақсарады»

5 года назад
Пенсионеры теперь будут получать меньше, но дольше: жить становится все «лучше»

Келесі айдың басынан бастап жұмыс істей бастайтын жаңа әдіс бойынша зейнетақы азаяды, уақыты созылады, нәтижесінде азаматтардың көпшілігі зейнетақы жинақтарын пайдалана алмайтын болады. Қордың есептеулеріне, еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығына қатысты статистиканың деректерімен танысу арқылы осндай қорытынды шығаруға болады.

Бүгінгі таңда зейнетақы біздің елде үш зейнетақы жүйесі бойынша төленеді: базалық, ортақ және жинақтаушы. 1 сәуірден бастап қандай өзгерістер болады? Енді бірінші жылы зейнетақы жинағының жылдық жиынтық төлем мөлшерлемесіне, яғни 6,5%-ға көбейтіледі. Кейін зейнетақы жыл сайын 5%-ға индекстелетін болады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан осы жылдың 31 наурызына дейін зейнетке шыққан азаматтар үшін төлем мөлшерлемесі өзгермейді. Жаңа әдістемеге сәйкес олар үшін келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайынғы төлем 5% индекстеу мөлшерлемесіне артады.

Ал 1 сәуірден бастап зейнетке шыққан қазақстандықтар айына 37% аз алатын болады және жинақтарды толық төлеу мерзімі шамамен үштен бірге өседі. Біздің елде ер адамдар зейнетке 63 жаста шығады. Орташа есеппен қазақстандық ерлер 68 жыл өмір сүреді. Бұрын зейнеткерлер 72,6 жасқа келгенде БЖЗҚ-дағы жинақтарын толық алатын. Енді бұл 76 жасқа толғанда алатын болады.

БЖЗҚ-ға ешқандай салым жасамаған азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% төленуі оң өзгеріс болып табылады. Бұрын олар 54% алған. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан қазақстандықтар үшін жылдық жиынтық төлем ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болмайды. Мұндай зейнетақы бұрын таңдалған кесте бойынша төленеді.

Қазіргі уақытта өмір сүру ұзақтығының төмендігіне қарамастан, зейнеткерлікке шығу мерзімі артып келеді, БЖЗҚ әлемдік тәжірибеге сүйеніп отыр. Онда көптеген елдердің зейнетақы жүйелері қатты қысымға ұшырағанын, Қазақстанда да осындай жағдайға тап болғанын айтады. Алайда, асырауындағы адамдар санының жалпы коэффициенті қазақстандықтардың еңбекке қабілетті бөлігіне 40,8%-ды құрайды. Атап айтқанда, елдің зейнетақы алатын бір тұрғынына 10 еңбеккер келеді, бұл қоғамға түсетін әлеуметтік жүктеменің төмен екенін айғақтайды. Штатта және Еуроодақта, мысалы, бір зейнеткерге еңбекке қабілетті 5 азамат келеді, сондықтан мұндай өзгерістердің себебі түсініксіз.

Шенеуніктер елде көлеңкелі экономика жоғары деңгейде деп ақталады. Олардың айтуынша, жоғарыда аталған барлық көрсеткіштер біздің республикамыз үшін жақсы көрінеді, дегенмен оларды алаңдатып отырған бірқатар себептер бар. Бұл деңгейі 30%-дан 40%-ға дейін болатын көлеңкелі экономика, соның салдарынан еңбекке қабілетті азаматтар аз салық төлейді және БЖЗҚ-ға аз жарна салады. Сонымен қатар, біздің жұмыс берушілер нақты жалақының үшінші бөлігіне жуық мөлшерде «ақ» жалақы береді. Сондықтан БЖЗҚ-ға жарналардың үштен екіге аз, бірақ бұл мемлекеттік қызметшілерге қатысты емес. Тағы бір себебі, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көпшілігі салық төлемейді.

Зейнетақы қоры мемлекет проблемаларына, сондай-ақ активтерді корпоративтік басқару проблемаларына байланған. Атап айтқанда, қордың иесі — мемлекет, оның артықшылығы да, кемшілігі де бар. Артықшылығы — зейнетақы төлеуге қаражат жеткіліксіз болса, бюджеттен беріледі. Кемшілігі — барлық мемлекеттік проблемалар қордың өзіне әсер етеді. Соңғы жылдары республикалық бюджет тапшылықпен қалыптасуда, сондықтан Үкімет бағалы қағаздарды зейнетақы қорына орналастырады, яғни ақшаны қордан қарызға алады. Корпоративті басқарудың сапасына байланысты проблемалар да бар, мысалы, Әзірбайжанның коммерциялық банкіне сәтсіз инвестициялардың салдарынан болған келеңсіздіктер көптеген адамдардың есінде болуы керек деп ойлаймын.

Қорытындылай келе, зейнетке шығатын азаматтар төлемдерін үштен бір бөлікке аз алады, бұл инфляция, теңгенің құнсыздануы, азаматтар табысының төмендеуі жағдайында қайыршылық өмір сүру дегенді білдіреді.

БЖЗҚ менеджерлері адамдардың өмір сүру ұзақтығы өседі деген болжамды негізге ала отырып, үнемдейтіні түсінікті, бірақ әзірге айтарлықтай жақсаруларды көріп отырған жоқпыз. Сондықтан бұл өзгерістер қазақстандықтардың жағдайын нашарлатады және олар барлық жинақтарын көзі тірісінде пайдалана алмайды.

Нұрасыл Әлиев, экономикалық шолушы, арнайы «Эхо Казахстана» үшін

Новости СМИ2
Алдыңғы

Орыс тіліне қысымшылық көрсете отыра, ұлтшылдар төзімсіздік пен этникалық артықшылық идеяларын насихаттайды

Келесі

Әлемдік державалардың текетіресі Орталық Азияға қалай әсер етеді

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.