Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға рұқсат беру ұсынысына өз ойларын айтты. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі жазады.
Атап айтқанда, осы қордың қоғамдық кеңесінің басшысы Евгений Сейпульник коронавирус эпидемиясына байланысты азаматтарға зейнетақы жинақтарының 10%-ын алуға рұқсат беруді ұсынды. Оның айтуынша, бұл біреудің өмірін құтқаруы мүмкін.
Сондай-ақ, Сейпульниктің пікірінше, оның бастамасы зейнетақы қорының жұмысына халықтың сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Қор, өз кезегінде, төтенше жағдайларға байланысты азаматтардың барлық мәселелері жеке зейнетақы жинақтары есебінен шешілмейді, себебі ол еңбек қызметін аяқтағаннан кейін, адамдарды зейнетақымен қамтуға арналған.
Сонымен қатар, қорда еліміздің зейнетақы жүйесіне қатысты кез келген ұсыныстар егжей-тегжейлі талдануы тиіс, алайда Евгений Сейпульниктің бастамасы негізделген есептеулерсіз ұсынылды.
Осы себептерге байланысты зейнетақы қорының қоғамдық кеңесі азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға рұқсат беру ұсынысын қолдамады.
Сурет: pfrf.ru