Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Абдухаким Хаджибаевпен келіссөздер барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Өзбекстанның фармацевтикалық кәсіпорындарының бірінің базасында QazCovid-in қазақстандық белсендірілмеген вакцинасын шығару мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
“Біз эпидемияға қарсы күресте серіктестікті жандандыруды, осындай жағдайларға жедел ден қойып, тиімді өзара іс-қимыл жасауды, сондай-ақ ағымдағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруда жүргізіліп жатқан шаралар бойынша ақпаратпен алмасуды жолға қоюды ұсынамыз, – деді Алексей Цой.
3 наурызда Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Рремьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың басшылығымен ресми делегация құрамында Ташкентте болып, елорданың медициналық нысандарының жұмысымен танысып, фармацевтикалық саладағы өзбек әріптестерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.