Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінде өзбек сарапшылары қатысқан дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.
Дөңгелек үстелде еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ойлары қаралды.
Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды қатысушыларға Тоқаевтың Жолдауының негізгі міндеттері туралы айтты.
Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында тараптар Жолдаудың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасты және оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, өзбек сарапшылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған экономикалық және әлеуметтік мәселелерге жоғары баға берді.
Дөңгелек үстел соңында тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы еліміздің барлық халқының әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құжат болып табылады деген қорытындыға келді.