Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы операция барысында есірткі заттарын заңсыз, сатуға қатысы бар Ақтөбе облысының бұрынғы екі полицейін ұстады.
Ведомствоның ақпараты бойынша, бастапқыда Ақтөбе облысы ІІД ҰҚКБ-ның бұрынғы қызметкері Жакслыков қолға түсті, ол 30 килограмм марихуана сатпақ болған.
Бұдан кейін комитет қызметкерлері есірткі жеткізушіні ұстады. Ол Ақтөбе ҚІІБ ҰҚҚ бұрынғы бастығы Мұхамедьяров болып шықты. Ұстау барысында одан бір килограммға жуық марихуана, тіркелмеген қару, пышақтар мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Сондай-ақ, ведомствода сот Жакслыковты 11 жылға, ал Мухамедьяровты 13 жылға бас бостандығынан айырғанын айтты.