“Медеу” мемлекеттік табиғи паркінің учаскелері-Медеу, Шымбұлақ және Бутаковка шатқалдары жеке меншікте. Бұл фактіні заңгер Бақытжан Базарбек мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпаратын талдай отырып анықтады.
Ол бұл туралы өзінің Facebook-аккаунтында: “дұрыс естідіңіздер! Ерекше қорғалатын табиғи аумақ, Іле Алатауы жотасының солтүстік беткейінде, Кіші Алматы өзенінің көркем алқабында орналасқан, МЖК ААЖ базасы бойынша жалпы ауданы 6682265 гектар “Медеу” мемлекеттік табиғи паркі толығымен жеке меншікте!”
Заңгер бұл жерлерді заң бойынша иеліктен шығаруға болмайтынын еске салды, бірақ кадастрда “жеке меншік”нақты жазылған.
“МЖК ААЖ базасы жай толтырылмайтынын және базаға мемлекеттік тіркеуден және сәйкестендіру құжатын бергеннен кейін жер учаскесі туралы сәйкестендіру мәліметтері енгізілетінін ескере отырып, сұрақ туындайды: қалай және неге?”- деп сұрақ қойды Бақытжан Базарбек және осы жағдайды түсіну үшін бар күшін салуға уәде берді.
Сурет: tengrinews.kz