Қызылорда облысының полиция ведомствосы жаңа автокөліктер сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл тапсырыс мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды. Бұл туралы “ҚазТАГ” ақпарат агенттігі жазады.
Атап айтқанда, Қызылорда полиция департаментінің қызметкерлеріне қызмет ету үшін үш жаңа жайлы көлік қажет, нақтылағанда оның екеуі – седан, ал біреуі – әмбебапты автокөлік болуы керек.
Жаңа көлік құралдарын сатып алуға облыстық полиция ведомствосы 42,5 миллион теңге жұмсамақ, оның 16 миллионы әмбебап автокөлік сатып алуға жұмсалады.
Мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған тапсырыс сипаттамасында барлық автомобильдер қара болуы керектігі белгіленген.
Қызылорда облысының полиция департаменті үшін көліктерді жеткізуге өтінім қабылдау басталды, ол ағымдағы жылдың 14 тамызына дейін жалғасады деп жоспарлануда.
Бұған дейін еліміздің көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында бюджет қаражатын бөлу рәсіміне өзгерістер енгізілгенін және дағдарыс жағдайында қазынадан қымбат автомобильдерді сатып алуға ақша жұмсалмайтынын айтқан болатын.